«Бұл да мобилограф па?»: Айжұлдыз Адайбекова жасырып жүрген жігітін көрсетті

Ол сүйіктісімен бірге түскен бірнеше видеоны жүктеп, ғашығын жұртпен таныстырғандай болды.

Маусым 9, 2024 - 15:23
Маусым 9, 2024 - 16:18
«Бұл да мобилограф па?»: Айжұлдыз Адайбекова жасырып жүрген жігітін көрсетті
Фото: aizhuldyz_adaibekova инстаграм парақшасынан

Отандық актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Ол ғашығымен түскен видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Көптен бері жүрегін жаулаған ер азаматты көрсетпей жүрген Айжұлдыз желі оқырмандарын таңғалдырды. Ол сүйіктісімен бірге түскен бірнеше видеоны жүктеп, ғашығын жұртпен таныстырғандай болды.

"Енді жасырудың қажеті жоқ", - деп жазды актриса.

Көпшіліктің екі жасқа бақыт тілеп, жүрекжарды тілектерін арнады.

"Қасиеттерін қуаттар, қанат берер бақытты жұп болыңдар", "Біз білдік", "Сендер үшін қуаныштымын", "Бақыт тілейміз", "Бұл да мобилограф па?", "Сәкен, бағың бар екен", - деп жазды жұрт.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Saken Kagarov (@saken_kagarov)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow