Бұдан былай пойыз 1 сағаттан артық кешіксе билеттің бағасы толықтай қайтарылады
Өзгерістер 22 сәуірден бастап күшіне енеді.

Енді елімізде пойыз бір сағаттан артық кешіксе және билеттегі орын бос болмаса билеттің құны комиссиясыз түгелдей қайтарылады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметі.
Көлік министрлігінің тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар темір жол билеттері пойыз жүргеннен бұрын 10 минутқа дейін ғана сатылады. Бұрын бұл талап бір тәулік болатын.
Балалармен сапарлайтын ата-аналараға да құлаққағыс: бұдан былай 7 жасқа дейінгі балаларға билет алу міндетті емес. Ал орын қажет болса билетті жеңілдікпен алуға болады.
7-15 жастағы балаларға 50% жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ бұдан былай 15 жасқа толмаған бала сенімхатсыз пойызға отырғызылмайды. Егер заңды өкілі бірге жүрсе сенімхат талап етілмейді.
Өзгерістер 22 сәуірден бастап күшіне енеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






