Бұрынғы министрге дейін жүр: Нұрлан Сабыров Астанадағы тойда төбе көрсетті (ВИДЕО)

Наурыз 14, 2026 - 12:19
chat_bubble  0 visibility  1
Бұрынғы министрге дейін жүр: Нұрлан Сабыров Астанадағы тойда төбе көрсетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Астанада өткен тойдағы видеосы әлеуметтік желіде кең тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әзілкеш елордалық кәсіпкер ұйымдастырған мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған. Шара Иман Әли мен Мұхаммед Әли есімді сәбилердің бір жасқа толуына орай өткізілген.

Желіде тараған кадрлардан Нұрлан Сабыровтың қонақтардың ду қол шапалағымен мейрамханаға кіріп келе жатқанын байқауға болады. Кейін той иесі оған дәстүр бойынша шапан жауып, құрмет көрсеткен.

Сондай-ақ бұл жиынға әзілкешпен бірге бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың да келгені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0