Дастан Сәтпаев «Челсидің» алдағы матчтарына қатысуы мүмкін

Шілде 24, 2026 - 16:33
 0  14
Дастан Сәтпаев «Челсидің» алдағы матчтарына қатысуы мүмкін
Фото: әлеуметтік желі

Лондонның «Челси» клубы маусымалды дайындық турына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Құрамға Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев та енді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Клубтың ресми әлеуметтік желілерінде жарияланған мәліметке сәйкес, лондондық команда Австралия мен Азияда бірқатар жолдастық кездесу өткізеді. «Челси» бұл тур барысында «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» клубтарымен күш сынасады.

Еске салайық, Дастан Сәтбаев тамыз айында кәмелет жасына толғаннан кейін ресми түрде «Челси» ойыншысы атанады.

Ал клубтың бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық футболшының командадағы болашағына қатысты түпкілікті шешімді маусымалды дайындық қорытындысынан кейін қабылдайды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0