Дәстүр мен тағылым тоғысқан күн: Түркістанда Көрісу мерекесі өтті

Наурыз 14, 2026 - 12:23
 0  26
Дәстүр мен тағылым тоғысқан күн: Түркістанда Көрісу мерекесі өтті
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялан қызметі

Түркістан қаласындағы “Фараб” кітапханасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында «Көрісу күні - Амал мерекесіне» арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.
 
Аталған шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көрісу дәстүрінің мәні мен маңызы насихатталып, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық дәстүр аясында бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектер айтып, халқымыздың татулық пен сыйластыққа негізделген мәдениетін кеңінен танытты.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, халқымыздың бай мұрасын ұлықтау және қоғамда дәстүр сабақтастығын дәріптеу.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0