Депутат Гүлнәр Тойлыбаева Қазақстан халқына ант берді

Жаңа депутат «Әділет» партиялық фракциясының атынан өкілдік етеді. Құрылтай отырысында Гүлнәр Тойлыбаева Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды.

Қазан 21, 2026 - 11:50
 0  4
Депутат Гүлнәр Тойлыбаева Қазақстан халқына ант берді
Фото: Құрылтай

Гүлнәр Тойлыбаева өкілеттігін тоқтатқан Татьяна Савельеваның орнына Құрылтай депутаты болып сайланды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Құрылтайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді ол.

Жаңа депутат «Әділет» партиялық фракциясының атынан өкілдік етеді. Құрылтай отырысында Гүлнәр Тойлыбаева Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0