Депутат Қазақстан құрамасын ерекше хабарлаған қырғыз журналисіне көлік сыйлады

Қыркүйек 7, 2026 - 12:27
chat_bubble  0 visibility  5
Депутат Қазақстан құрамасын ерекше хабарлаған қырғыз журналисіне көлік сыйлады
Фото: видеодан скрин

Қырғызстандық танымал тележүргізуші Айзада Жамгырчиева Көшпенділер ойындарында күтпеген сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қазақстан құрамасын тулар шеруінде ерекше ықыласпен таныстырып, спортшыларға қолдау көрсеткен жүргізушіге Қазақстанның көкпар федерациясы жаңа көлік тарту етті.

Көліктің кілтін Айзада Жамгырчиеваға Қазақстан көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров табыстады. Салтанатты рәсім көкпардан жеңімпаздарды марапаттау кезінде өтті.

Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында сыйлықтың өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтып, қуанышын бөлісті.

«Мен үшін бұл жай ғана сыйлық емес. Қазақстанға деген қолдауымды байқап, бағалап, маған үлкен құрмет көрсеткенінің белгісі», – деді ол.

Айзада Жамгырчиева бұл сыйлықты қазақ-қырғыз арасындағы бауырластықтың жарқын көрінісі деп бағалады.

«Осындай сәттер қырғыз бен қазақтың бауырластығы жай сөз емес екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Екі халықтың достығы нығая берсін! Қырғыз бен қазақ әрқашан бауыр!» – деді тележүргізуші.

Еске салайық, бұған дейін Көшпенділер ойындарындағы тулар шеруі кезінде Айзада Жамгырчиеваның Қазақстан құрамасын ерекше эмоциямен таныстырған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын. Оның қазақстандық спортшыларға көрсеткен қолдауын желі қолданушылары жылы қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0