Домбыраны "харам" деген ер адам қамауға алынды
Әлеуметтік желіде ақтөбелік ер адамның ұлттық аспаптың бірі домбыраны харам деген видеосы тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Ханафи масхабында шиіттік аспаптар, гитара, домбыра, балалайка харам болып есептеледі», - дейді ер адам.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жергілікті тұрғынға қатысты діниараздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегіараздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздырузаңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0