Дрон шабуылы: Санкт-Петербург пен Симферопольдегі Wildberries-тің үш қоймасы өртеніп жатыр
24 шілдеге қараған түні Ресейдің бірнеше өңіріндегі Wildberries компаниясының қоймалары украиналық дрондардың шабуылына ұшырады деген ақпарат тарады. Бұл туралы бірқатар Telegram-арналар мен онлайн-басылымдар хабарлады.
Astra Telegram-арнасының OSINT-талдауына және куәгерлер жариялаған видеоларға сүйенсек, шабуылдан кейін Ленинград облысы Всеволож ауданындағы Новосаратовка ауылында орналасқан Wildberries Санкт-Петербург қоймасында өрт шыққан. Аталған логистикалық орталық Санкт-Петербургтің әкімшілік шекарасына өте жақын орналасқан және қалаға қызмет көрсететін негізгі қоймалардың бірі саналады.
Кейінірек арна жазылушыларының мәліметіне сүйеніп, шабуылдан соң Санкт-Петербургтің әртүрлі бөліктерінде екі өрт ошағы байқалғанын хабарлады. Желіде қала үстіне көтерілген қара түтіннің суреттері жарияланды.
Ал Exilenova+ Telegram-арнасы Ленинград облысындағы шабуыл сәті түсірілген делінетін бейнежазбаларды таратты. Wildberries компаниясының баспасөз қызметі таңертең Шушары және Уткина Заводь ауданындағы (Санкт-Петербург) логистикалық кешендердің жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Компания олардың жұмысы кейінірек қайта жанданатынын хабарлады.
Сол түні Тверь қаласы мен Ресей аннексиялап алған Қырымдағы Симферополь қаласындағы Wildberries логистикалық орталықтарына да шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады.
Хабарламаға сәйкес, екі өңірде де қоймаларда өрт шыққан. Ал RWB Wildberries Russ баспасөз қызметі Симферопольдегі сұрыптау орталығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес эвакуацияланғанын мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0