«Екі ұлынан 9 немересі бар»: Блогер Мұхтар Шахановтың ұрпағын көрсетті (ВИДЕО)
Күні кеше қазақтың абыз ақыны Мұхтар Шаханов мәңгілік мекеніне аттанып, ел-жұрт тағы бір ұлт жанашырымен қоштасты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Осыдан кейін көпшілік ақынның ұрпақтары туралы көбірек білгісі келіп отыр. Әлеуметтік желіде өзін Бекзат Саттархан деп таныстырған азамат Түркістан облысындағы ақынның туған ауылына барып, оның отбасы мүшелерімен жүздескенін айтты.
Оның сөзінше, Мұхтар Шахановтың әулетінде екі ұлынан тараған 9 немере бар – 5 ұл, 4 қыз. Ақынның ұлдары Рауан 2021 жылы, ал Қуаныш 2025 жылы өмірден өткен. Қуаныштан екі бала – Елқанат пен Нұрмерей дүниеге келген.
Бекзат жариялаған видеода ақынның кіші келіні, Рауанның жары Жаңагүл және олардың балалары – Әділ, Нұрмұхаммед, Ұлтқыран, Елсұңқар, сондай-ақ қыздары Сәтмөр, Асыл, Балнұр көрсетілген. Оның айтуынша, немерелерінің бәрі де текті әулеттің лайықты жалғасы болуға талпынып жүрген, көзінде оты бар жастар.
Желі қолданушылары да ақын ұрпақтарына жылы лебіздерін білдіріп, олардың ата жолын жалғайтынына сенім білдірген.
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 84 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Ол туған жері – Отырар ауданы маңына жерленді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0