Ел тұрғындарына сайлауға қатысты маңызды ескерту жасалды
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай сайлауы күні толтырылған бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялауға болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, бұл талап дауыс беру құпиясын сақтау және сайлау процесінің әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
«Бұл норма саяси партияларға жария түрде қолдау көрсетуге жол бермейді. Оған қоса еркін әрі жасырын дауыс беруді, сайлау процесіне қатысушыларға тең жағдай жасауды және сайлаушылардың өз таңдауын ешбір қысымсыз жасауын қамтамасыз етуге бағытталған», – деді ол.
Комиссияның мәліметінше, дауыс беру күні кез келген сайлауалды үгіт-насихатқа тыйым салынады. Сондықтан азаматтың кімге дауыс бергенін көпшілікке көрсетуі үгіт-насихат ретінде бағалануы мүмкін.
Осыған байланысты ОСК сайлаушыларға толтырылған бюллетеньді ешкімге көрсетпеуге және оның фото-видеосын интернетте жарияламауға кеңес берді.
Аталған талапты бұзғандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0