Елена Рыбакина екінші рет «Жыл спортшысы» атанды
Алматы қаласында спорт пен бизнес саласында ұлттық Metaratings Top Awards сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның қорытындысымен түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Аталмыш байқау биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Биылғы наурыздың 10-20-сы аралығындағы халықтық дауыс беру нәтижелерін ескере отырып, қазылар алқасы әр аталымда үш үміткердің ішінен біреуін таңдады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина ең көп дауыс жинап, «Жыл спортшысы» марапатына ие болды. Осылайша, Елена екінші рет спорт жанкүйерлерінің таңдауына ілікті. Беделді басылымның 2024 жылы өткізген байқауында да ол жыл үздігі атанған еді.
Е.Рыбакина өткен жыл соңында WTA қррытынды турнирінде алғаш рет үздік шықты. Сондай-ақ биыл Аустралия ашық чемпионатында топ жарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0