Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 105-орындағы өзбекстандық Полина Кудерметоваға тап келді.

Қазан 22, 2026 - 17:29
 0  7
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 105-орындағы өзбекстандық Полина Кудерметоваға тап келді.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:0 есебімен алға кетті.

Бұдан кейін Кудерметовв матчты жалғастырудан бас тартты.

Жарты сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып үлгерді.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 128-сатыдағы Польша өкілі Катажина Кавамен таласады. Ол екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичті жолдан тайдырды — 7:5, 6:2.

Елена Рыбакина өткен жылы осы додада чемпион атанған еді.




Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0