«Елуге келсе де, 50 грамм ми бермепті»: туған күнін перғауын кейпінде тойлаған ер адам қызу талқыға түсті
Жастар емес, үлкендер алжыған заман.
Әлеуметтік желіде Жаңаөзенде 50 жасын перғауын кейпінде тойлаған тұрғын қызу талқыға түсті.
Кадрдан перғауын стилінде киініп таққа отырған ер адамды 6 жігіт көтеріп жүргенін көруге болады. Туған күнге келген өзге қонақтар да перғауын заманындағыдай киім таңдаған.
Бұл көрініс Желі қолданушыларының ашуына тиген, мұны видео астына жазылған пікірден байқауға болады.
"Елуге келсе де, 50 грамм ми бермепті", "Пирамидаға апарып жерлеп тастамадыңдар ма тірідей, келесі сатыға кеттің деп", "Кәпірдің рөлін қайтейін деп жүр", "Сол жердегі бір адам болса да айтпаған ба немесе той жасардың алдында. Жастар бұзылған дейді. Жастар емес, үлкендер алжыған заман", "Ақшасын сыйдыра алмай журген мұнайшы шығар", "Лағнетке ұшыраған Фараон болып жүр", "Қазақтан безген бәлекет, ата-бабаңның әруағынан ұят болды-ау", - деп жазған олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?