«Енді менің жеке өміріме араласпаңыздар»: Жігер Ауыпбаев жар іздеп Қытай, Түркия және Меккеге барғанын айтты

Шілде 23, 2026 - 16:29
chat_bubble  0 visibility  37
«Енді менің жеке өміріме араласпаңыздар»: Жігер Ауыпбаев жар іздеп Қытай, Түркия және Меккеге барғанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Жігер Ауыпбаев қазіргі жары Муминамен табысқанға дейін өмірлік серігін іздеп, бірнеше елге барып, талай таныстықтың сәтсіз аяқталғанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Өнер иесінің сөзінше, ажырасқаннан кейін қайта отбасын құруға бел буып, Қытайдың Гуанчжоу қаласына, Түркияның Стамбұл қаласына барып, бірнеше арумен танысқан.

Сондай-ақ Меккеде дұға жасап, елге оралған соң Тараз бен Шымкентке арнайы барып кездескен. Алайда бұл таныстықтардың ешқайсысы нәтижесін бермеген. 

«Үйден кеткенде: "Енді менің жеке өміріме араласпаңыз" деп ашық айттым. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Маған өткенімді қазбаламай, төрт балам бар екенін қабылдайтын жан керек болды. Гуанчжоуда да, Стамбұлда да, кейін Тараз бен Шымкентте де таныстықтар болды. Бірақ ешқайсысымен жолымыз жараспады. Ақыры айналып келіп, қазіргі жарым Муминамен жолығып, соған тоқтадым», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0