«Екі әжесі бесікке салды»: Ерке Есмахан үшінші ұлын қырқынан шығарды

Шілде 23, 2025 - 16:48
Шілде 23, 2025 - 17:09
«Екі әжесі бесікке салды»: Ерке Есмахан үшінші ұлын қырқынан шығарды
Фото: Әлеуметтік желі

Жақында үшінші рет ана атанған 40 жастағы Ерке Есмахан ұлын қырқынан шығарды. Әнші бұл рәсімді өзінің Инстаграмдағы парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды sadaq.kz.

Ол қырқынан шығару рәсіміне көк, ақ және алтын-қоңыр түстердегі ұлттық нақыштағы жастықтар мен көрпелер, сондай-ақ нәрестенің аты қашалып жазылған күміс ыдыстар дайындаған.

«Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын! Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін! Өзім қандай әппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар. Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын. Бар болыңыздар, бай болыңыздар», – деп жазды Ерке.

Желі қолданушылары «Құттықтаймыз! Сіздерге қуаныш сыйласын!», «Батыр нағыз батыр жігіт болсын!», «Сәбиіңіздің өмірі ұзақ болсын!», - деп құттықтап жатыр.

View this post on Instagram

A post shared by Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow