Еркебұлан Тоқтар айыппұл арқалады
Қазақстандық ММА спортшысы әрі блогер Еркебұлан Тоқтар балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында спортшының бейәдеп сөздер айтқан видеосы анықталған.
Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.
Сот Еркебұлан Тоқтарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оған 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Алматы прокуратурасы қоғамға танымал болу әкімшілік жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.
Еркебұлан Тоқтар — қазақстандық ММА файтері, актер және блогер. Ол спорттағы жетістіктерімен қатар, кино саласындағы рөлдері және әлеуметтік желідегі белсенділігі арқылы көпшілікке танылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0