Геннадий Головкин Өзбекстан президентімен кездесті
World Boxing ұйымының және ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Головкин бұл туралы Instagram парақшасында сурет жариялап, жазба қалдырды.
«Жылы қабылдағаны үшін Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев мырзаға алғысымды білдіремін.
World Boxing халықаралық федерациясының басшысы ретінде бокстың мемлекет тарапынан ең жоғары деңгейде қолдау табуы мен үшін ерекше маңызды.
Спорттың бұл түрін дамыту және оның халықаралық әрі олимпиадалық қозғалыстағы рөлін талқылауға мүмкіндік туғаны үшін қуаныштымын», – деп жазды Геннадий Головкин.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Ташкент қаласында жұмыс сапарымен жүр. Бұған дейін ол Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясының отырысына қатысқан болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0