«Интимдік қатынас үшін бірреттік некеге тұруды ұсынды»: Ақтөбеде мешітте белгісіз біреу бойжеткенге тиіскен

Ақтөбеде мешітте белгісіз біреу бойжеткенге ерсі әңгіме айтып тиіскен. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Ал полицейлер азаматтың жеке басын анықтап, ұстады, деп жазады Stan.kz.
Желіде тараған видеода бойжеткен ер адамның оны мешіттен шығармай қойғанын айтқан.
"Ол интимдік қарым-қатынас үшін "бір реттік некеге" тұру туралы ұсыныс айтты. Кейін мешітке және тиісті органдарға жүгіндім. Нәтижесінде бұл адамның ақыл-есі толық емес екені, "сары анықтамасы" бар екені және арнайы есепте тұрғаны анықталды. Өкінішке қарай, ол зиян тигізсе де, заң жүзінде жауапкершілікке тартылмайды. Сол себепті сіздерден өтінерім, ондай адамдардан аулақ жүріңіздер! Алла оның жүрегі мен санасына шипа берсін", – деп жазды бойжеткен.
Ал полиция мәліметінше, видео жан-жақты зерттеліп, ер адамның кім екенін анықталып, бөлімшеге жеткізілді.
“Құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған қолданыстағы заңнаманың мұндай мінез-құлыққа жол бермеу туралы нормалары түсіндірілді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ер адамға қатысты Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-баптың 2-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






