Иран Иорданияға соққы жасады

Қыркүйек 9, 2026 - 09:25
 0  9
Иран Иорданияға соққы жасады
Фото: Getty Images

Иран әскері Иорданияға соққы берді. Олардың айтуынша, АҚШ базаларына шабуыл жасалған. Иорданияның әуе қорғаныс жүйесі шабуылды тойтарды, деп хабарлайды РБК.

Алдымен X желісінде Al Hadath Иорданияның әуе қорғаныс құралдары Эль-Азрак қаласының үстінде ирандық зымырандар легін ұстап жатқаны туралы хабарлады. Кейінірек Al Jazeera Ирбид қаласында зымырандардың ұстап алынғанын мәлімдеді.

Ал ирандық Mehr агенттігі Иорданиядағы америкалық базаларға жаппай зымыран соққысы жасалғанын хабарлады. Бұл оқиға – АҚШ-тың 8 қыркүйекте Ормуз бұғазындағы Харк аралының маңында бірнеше Иран танкеріне соққы беруінен кейін болған жағдай.

АҚШ бұл әрекетті америкалық әскери кемеге жасалған зымыран шабуылдарына жауап деп түсіндірді.

Ал Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ шабуылына жауап ретінде Кувейт пен Бахрейн терминалдарының жанындағы танкерлерге соққы беретінін ескертті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0