Иран көшбасшысы Әли Хаменейдің жұбайы тірі болып шықты

Наурыз 13, 2026 - 16:09
chat_bubble  0 visibility  3
Иран көшбасшысы Әли Хаменейдің жұбайы тірі болып шықты

Иранның марқұм Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің жұбайы тірі қалғаны туралы ақпарат тарады. Бұған дейін оның қаза тапқаны жөніндегі мәлімет шындыққа сәйкес келмейтіні айтылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.  Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Fars агенттігі хабарлаған. Онда АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде жарақат алған Хаменейдің жұбайы аман қалғаны айтылған.

Бұған дейін, 2 наурызда оның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда кейін бұл мәліметтің қате болғаны белгілі болған.

"Қаза тапқан революциялық көшбасшының жұбайы тірі. Бұған дейін оның қайтыс болғаны туралы жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деп жазды Ирандық БАҚ. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0