Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың шартын атады

Наурыз 10, 2026 - 11:09
chat_bubble  0 visibility  2
Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың шартын атады
Фото: istockphoto.com

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гариб-Абади Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату үшін шартты атады, деп хабарлайды sadaq.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оның мәлімдеуінше, Иран билігі Тегеранға қарсы шабуылдардың қайталанбауына сенімді болса, қақтығыс тоқтатылуы мүмкін.

«БҰҰ жарғысында өзін-өзі қорғауды тоқтату шарттары айқындалған, оның бірі – мұндай әрекеттердің қайталанбауы. Қорғанып жатқан ел ретінде сіз бұл агрессияның қайталанбауын қамтамасыз етуіңіз керек», – деді Гариб-Абади.

Сондай-ақ, ол атыс тоқтаған жағдайда алты айдан кейін қайта шабуыл жасалса, бұл шешімнің еш мәні болмайтынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0