Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы тағайындалды

Наурыз 9, 2026 - 10:27
chat_bubble  0 visibility  1
Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы тағайындалды
Фото: Tasnim News Agency

Сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Fars-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңа жоңарғы көшбасшы туралы жазбаны агенттік өзінің Telegram арнасында мәлім етті.

“Көшбасшылық жөніндегі Сарапшылар кеңесі көпшілік дауыспен аятолла Хадж Сейед Моджтаба Хаменеиді Иран Ислам Республикасының үшінші көшбасшысы етіп тағайындады”, – делінген хабарламада.

Заң бойынша жаңа Жоғарғы көшбасшы ер адам, дін қызметкері болуы керек. Сонымен қатар оның саяси тәжірибесі, жоғары моральдық беделі және Ислам Республикасына адалдығы болуы тиіс. Жаңа көшбасшыны тағайындағанда қаза тапқан көшбасшының кеңесі ескерілді: “Ел басшысын жаулары мақтаумауы керек, керісінше одан қорқып, жек көруі тиіс”.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0