Иранның фубол құрамасы әлем чемпионатына қатыспайтынын айтты

Наурыз 11, 2026 - 21:21
chat_bubble  0 visibility  1
Иранның фубол құрамасы  әлем чемпионатына қатыспайтынын айтты
Фото:Getty images

Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали елдің футбол құрамасы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz. Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, елдегі қазіргі күрделі жағдай мен туындаған дағдарыс салдарынан турнирге қатысуға мүмкіндік жоқ.

"Көшбасшымыздың қазасынан және елге қарсы жасалған әрекеттерден кейін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігіміз жоқ. Соңғы сегіз-тоғыз ай ішінде Иранға қарсы екі рет соғыс ашылып, соның салдарынан мыңдаған азаматымыз қаза тапты. Осындай жағдайлардан кейін біз әлем чемпионатына қатыса алмаймыз", – деді Доньямали TV2 арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Иран құрамасы G тобына түскен. Бұл топта ирандықтар Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнауы тиіс еді. Топтық кезеңдегі барлық матчтар АҚШ аумағында жоспарланған.

Футболдан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Тарихта алғаш рет әлем чемпионатына 48 ел қатысады. Иран құрамасы өз тарихында футболдан әлем чемпионатына 6 рет қатысқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0