Із-түссіз жоғалған 6 жасар қызылордалық бүлдіршіннің мәйіті табылды

Маусым 8, 2026 - 12:31
chat_bubble  0 visibility  1
Із-түссіз жоғалған 6 жасар қызылордалық бүлдіршіннің мәйіті табылды
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Қызылорда қаласында із-түссіз жоғалған 6 жастағы Медина Мұратбекқызының денесі табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Облыстық полиция департаменті таратқан алдын ала мәліметке қарағанда қыз баланың денесі «Әйтек» су торабынан ағыспен төмен қарай шамамен 30 шақырым жерден анықталған. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. 

Бұған дейін біз Медина Мұратбекқызының 5 маусым күні кешкі уақытта Рисмаш ауданындағы Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан бөгет аумағына ойнауға шығып, содан бері үйіне оралмаған болатын. Оны іздестіру жұмысына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. 

Іздестіру шаралары бірнеше күн бойы арнайы техника, дрондар, із кесуші иттер мен сүңгуірлердің қатысуымен жүргізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0