«Қабырғаңды сындырамын»: Шардара тұрғыны әкесін сабаған (ВИДЕО)

Түркістан облысының Шардара қаласында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Кадрларда қарияға жасалған зорлық-зомбылық пен әдепсіз қылықтар анық көрінеді, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Алдымен видеодан ер адамның жасы үлкен кісіні балағаттап, “қабырғаңды сындыруға болады” деп қорқытқаны естіледі. Кейін қарияның әлсіреп, жол бойында отырып қалған сәті түсіп қалған. Үшінші үзіндіде соққының нақты көрінісі байқалмаса да, дыбысы жазылып қалған.
Оқиға кезінде жанында болған Мақалаларәйел де қарияға дөрекі сөйлеп, қол көтергені бейнеде аңғарылады. Қартты тұрғызудың орнына олар ауыр сөздер айтып, күш қолданған.
Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбадағы адамдарды қарияның өгей ұлы мен келіні болуы мүмкін деп болжауда.
Аталған жағдайдан соң полиция жедел шара қолданып, күдікті ер адамды ұстады. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары басталып кеткен.
“Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның қорытындысына сәйкес заң аясында шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды”, – делінген жергілікті полиция таратқан ресми хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






