«Қалған үшеуі қайда?»: Бектенов "Бәйтерек" холдингі өкіліне ескерту жасады

Наурыз 10, 2026 - 11:21
 0  58
«Қалған үшеуі қайда?»: Бектенов "Бәйтерек" холдингі өкіліне ескерту жасады

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкеловты сынға алды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов 2025 жылы холдингтің тұрғын үй құрылысына қосқан үлесі мен бөлінген қаржы көлемі туралы мәлімет берді. 

Премьер-министр слайдтағы мәліметтердің біріне тоқталып, нақтылау сұрағын қойды.

«Төртінші слайдқа қойыңызшы. Қазреестрге 17 өңір қосылды. Қалған үшеуі қайда? Кім қосылған жоқ?», – деп сұрады Үкімет басшысы.

Нұрболат Айдапкелов бұл сұраққа бірден нақты жауап бере алмады.

«Қосымша берсек бола ма? Алмап едім», – деді ол.

Осыдан кейін Премьер-министр баяндаманы мұқият дайындау керегін атап өтті. «Дұрыстап дайындалу қажет, – деп ескертті Бектенов.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0