«Калифорниялық мұғалім»: Трампқа қастандық жасаған ер адам ұсталды

Сәуір 27, 2026 - 11:08
chat_bubble  0 visibility  1
«Калифорниялық мұғалім»: Трампқа қастандық жасаған ер адам  ұсталды
Фото: REALDONALD TRUMP / TRUTHSOCIAL

АҚШ президенті Дональд Трампқа қастандық жасады деген күдікпен ұсталған ер адам 27 сәуірде сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Белгілі болғандай, оның 31 жастағы Коул Аллен есімді Калифорниялық мұғалім екені анықталды.  Оған федералды офицерге шабуыл жасау және атыс қаруын екі рет қолдану баптары бойынша ресми айып тағылды. Колумбия округі прокурорының мәліметінше, ұсталған азамат жалғыз әрекет етіп, барынша көп зиян келтіруді көздеген.

Тергеу Алленнің Washington Hilton қонақүйінің күзет бекетінен мылтық, тапанша және бірнеше пышақпен қаруланып өткенін анықтады. Бір қызығы, ол атыс қаруын соңғы үш жылда заңды түрде сатып алған болып шықты.

Еске салсақ, оқиға Дональд Трамп халық алдында сөз сөйлеп тұрған кезде болған. АҚШ Құпия қызметі президентті дереу қауіпсіз жерге көшірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0