«Қандалалар талап тастады»: Астанадағы «бесжұлдызды» қонақүйдегі масқара

Қаңтар 27, 2026 - 10:26
 0  59
«Қандалалар талап тастады»: Астанадағы «бесжұлдызды» қонақүйдегі масқара
Фото: @kaziyeva_zz

Елорданың элиталық «Пекин Палас» (5*) қонақ үйі «ерекше сервисімен» көзге түсті. Бірақ бұл жолы сервис емес, төсектегі қандалалар (клопы) қызу талқыда, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Threads қолданушысы kaziyeva_zz желіні шулатты. Оның айтуынша, ата-анасы таңертең денелерінің қышығанынан оянған. Көрпе-жастықты ақтарғанда, «премиум» қонақ үйдің нағыз иелері — қандалалар шыға келген. Ең сорақысы, қасында кішкентай бала да ұйықтаған. 

Меймандарды жәндіктерден бетер әкімшіліктің реакциясы таңғалдырды. Кешірім сұраудың орнына «басқа бөлмеде бір түн тегін қонып шығыңыздар» деп құтылғысы келген екен. Менеджерді бір сағат күткен олар, ақыры шыдамай, кетіп тынған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0