Қарағанды облысында дүлей дауыл бірнеше үйдің шатырын ұшырып кетті

Сәуір 27, 2026 - 16:23
chat_bubble  0 visibility  1
Қарағанды облысында дүлей дауыл бірнеше үйдің шатырын ұшырып кетті
фото: әлеуметтік желіден

Қарағанды облысында дүлей дауыл тұрғын үйлер мен мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Синоптиктердің мәліметінше, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткен.

"Қарағанды қаласында жел үш тұрғын үйдің шатырын ішінара ұшырып әкетіп, аулалардың бірінде тұрақта тұрған жеңіл автокөлікті зақымдады. Сонымен қатар қаланың әртүрлі аудандарында ағаштар мен ірі бұтақтар құлаған", - дейді әкімдік.

Абай қаласында қатты жел екі бесқабатты тұрғын үйдің шатырын бүлдірсе, Осакаров ауданында мектеп ғимаратының шатырын зақымдады. Қарқаралы қаласында екі қабатты тұрғын үйдің шатырына зақым келді.

Сондай-ақ №2 қазандық аумағында пайдаланылмай тұрған металл мұржа құлаған.

Оқиға орындарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барған. Қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0