Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
6 қыркүйек күні таңертең Қарағандыда жеңіл автокөлік пен маршруттық автобус соқтығысып, бір адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жол-көлік оқиғасы сағат 07:30 шамасында К. Маркс көшесінің бойында болған. Chevrolet Cobalt автокөлігі мен Yutong маршруттық автобусы соқтығысқан.
Апат салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінде болған 36 жастағы жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Қарағанды облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0