Қарағандыда тұрақта тұрған көліктен әйелдің мәйіті табылды

Сәуір 24, 2026 - 17:17
 0  10
Қарағандыда тұрақта тұрған  көліктен  әйелдің мәйіті табылды
Фото: pixabay.com

Қарағандыда тұрақта тұрған көліктердің бірінен пышақ жарақаттары бар әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлады.

«22 сәуірде Қарағанды қаласында Төлепов көшесіндегі тұрақта тұрған көліктен 34 жастағы әйелдің денесі табылды», - делінген полиция хабарламасында.

Полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмысты жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адам қазір анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0