Кәсіпкерлерге қарсы арызданған Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды

Жоғарғы Соттың ескінің сарқыншағын емес, заңды басшылыққа алатынына көзіміз жетті, – деді Нұрлан Баймурзин.

Маусым 10, 2024 - 14:26
Маусым 10, 2024 - 14:29
Кәсіпкерлерге қарсы арызданған Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды
фото: orda.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева бірқатар кәсіпкердің үстінен шағым түсірді. Алайда сот кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Бұл туралы КазТАГ хабарлады.

Әлия Назарбаева адвокаттары арқылы кәсіпкер Нұрлан Баймурзин мен серіктесі Медғат Қалиевті рейдерлік шабуыл жасады деп айыптап, сотқа берді. Өткен аптада сот құқықбұзушылықтың анықталмауына байланысты істі тоқтату туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, ақпан айында Медғат Қалиев пен Нұрлан Бимурзин Бас прокуратураға Әлия Назарбаеваны рейдерлік әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған еді.

«Бізді қолдаған жанашыр азаматтарға алғысымды білдіремін. Атышулы есімдерге қарамастан заңды әрі әділ шешім шығарған сот жүйесіне ерекше алғыс айтамын. Арызымыз 4 ай бойы бір органнан екінші органға жіберілгендіктен, істің әділ аяқталуына күмәнмен қарадық. Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігіне қарағанда ескінің сарқыншағын емес, заңды басшылыққа алатынына көзіміз жетті. Ішкі істер министрлігі процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі жіберген өтінішті қарайды деген сенімдеміз», – деді Нұрлан Баймурзин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әлия Назарбаеваға қатысты рейдерлік шабуыл жасау бойынша қылмыстық іс Алматының экономикалық тергеу департаментіне берілген болатын.

Сол арқылы прокуратура Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызына қарсы «сотқа дейінгі тергеу жүргізуден бас тарту туралы» полицияның шешімін жойды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow