Енесі мен әйелін аяусыз сабаған: Қаскелеңдік қатыгез асабаның видеосы тарады(ВИДЕО)

Қаңтар 27, 2026 - 13:21
Қаңтар 27, 2026 - 13:47
 0  29
Енесі мен әйелін аяусыз сабаған:  Қаскелеңдік қатыгез асабаның видеосы тарады(ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында ер адам әйелі мен енесі тұратын үйге келіп, екеуін аяусыздықпен сабап кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Әйелінің адамның сөзінше, ол күйеуімен ажырасу үстінде жүрген көрінеді. Үнемі ұрып-соғу ол үшін қалыпты жағдайға айналып кеткен. 

Бейнежазбада еркектің күректің  сабымен қызы мен анасын аяусыз ұрып, тіпті қатты соққыдан ағаштың бір бөлігінің сынып кеткенін байқауға болады. Артынша ол аулада тұрған көліктің терезелерін сындырып, жарамсыз етіп кетті.

«Ол мені кезекті рет ұрып-соқты. Көлігімді де бүлдірді. Соққыдан қолым сынып кеткендей. Күректің сабымен аяғымды, арқамды оңдырмай ұрды. Анамды да соққыға жықты. Үйіміздің терезесін шағып тастады. Сол қолымды мүлдем сезбей тұрмын. Бет-аузым қан-қан. Әпкемді де ұрып тастады. Бұл қаншалықты жалғаса бермек?! Балаларымыз себеп болады. Оларды алып кеткен сайын ұрып-соғады. Полицияны шақырып қойдым. Қазір күтіп отырмын. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Прокуратураға да арыз жазамын», – деп жылап, елден араша сұрады.

«Бұл дерек бойынша 31 жастағы тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам мен оның жұбайының арасында жанжал болғаны анықталды. Жанжал барысында әйел мен анасына дене жарақаты салынған, сондай-ақ, мүлікке қасақана зиян келген» , – деді полиция.

Қазір қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, мән-жайы анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0