Каспий теңізінен мәйіт табылды

Оның бойынан тіршілік белгілері байқалмаған. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

Қазан 21, 2026 - 13:14
 0  3
Каспий теңізінен мәйіт табылды
Фото: Pixabay
20 қазанда Дағыстанда Каспий теңізінің Сулак өзені сағасынан оңтүстік-шығысқа қарай қайық аударылып, екі адам суға құлап кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Gazeta.ru басылымының жазуынша, жоғалған адамдарды іздеуге ТЖМ-нің 28 қызметкері мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.

Іздеу жұмыстары барысында Каспий теңізінен ер адамның денесі табылды. Оның бойынан тіршілік белгілері байқалмаған. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

Ресей ТЖМ-нің Дағыстан Республикасы бойынша бас басқармасы "Макс" мессенджерінде жоғалған адамдардың балықшылар болғанын нақтылады. Екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаның себептері әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін Ақтауда Каспий теңізінің түбінен топырақ көтеріліп жатқаны хабарланып, оның себебі түсіндірілген болатын.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0