«Кастетпен ұрған»: Алматыда жастар арасында жаппай төбелес болды
Желіде Алматыда болған жаппай төбелестен видео тарады. Онда жас жігітті әлдекімдер кастетпен ұрғаны айтылады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жаппай төбелес кезінде түсірілген видео Telegram желісіндегі Egov.press арнасында жариялады.
"Желіде видеосы тараған жаппай төбелес Almaty Ice Park-те болғаны туралы ақпарат бар. Әлдекім жас жігітті кастетпен ұрғаны туралы айтылған", - делінген жазбада.
Алматы полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Түрксіб аудандық полиция басқармасы бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шарасы барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, жастар арасындағы жанжал тұрмыстық сипатта болған. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Полиция департаменті жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне заң талаптарына сәйкес заңды түрде баға берілетінін атап өтті", - деп хабарлады департамент өкілдері.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0