Қазақстан 2040 жылға дейін 144 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр

Сәуір 24, 2026 - 14:00
chat_bubble  0 visibility  1
Қазақстан 2040 жылға дейін 144 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр
Фото: pixabay.com

Қазақстан 2040 жылға дейін 144 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. 

«Осы жылдың соңына дейін қолданыстағы паркті тағы алты ұшақ толықтырады. 2040 жылға дейін тағы 144 ұшақ жеткізіледі. Өткен жылы Америкада көргендеріңіздей, отандық компаниялар Boeing компаниясымен $15 млрд сомасына келісімшарт жасасты», – деді Сауранбаев жұма күні сенатта өткен парламенттік тыңдауда.

Министр қазіргі уақытта әлемдік авиация саласындағы ең үлкен мәселелердің бірі ұшақ тапшылығы екенін атап өтті.

«Жаңа ұшақ алу үшін ұзақ күту қажет. Мысалы, егер тасымалдаушылар бүгін Boeing компаниясымен келісімшартқа отырса, ұшақты тек 8-10 жылдан кейін ғана ала алады. Сондықтан авиакомпаниялар тікелей өндірушілермен жұмыс істейді», – деп түсіндірді көлік министрлігінің басшысы.

Бұған қоса, жаңа борттар санын көбейту үшін үкімет тарапынан Қазақстанның Даму Банкі арқылы қаржыландыру құралдары енгізіліп жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0