Қазақстан Ыстықкөл жағалауындағы жерді 49 жылға жалға алды: Келісімнің мән-жайы

Ақпан 13, 2026 - 19:16
Ақпан 13, 2026 - 19:18
 0  3
Қазақстан Ыстықкөл жағалауындағы жерді 49 жылға жалға алды: Келісімнің мән-жайы
Фото: Gov.kz

Қазақстан Парламенті Сенаты Қырғызстанмен арадағы Ыстықкөл облысындағы курорттық нысандардың меншік құқығына қатысты көпжылдық мәселені шешетін келісімді ратификациялады. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.

Келісім бойынша, қырғыз тарапы жалпы ауданы 58,8 гектар болатын төрт нысан орналасқан жер учаскелерін 49 жылға жалға береді. Бұл тізімге «Қазақстан» шипажайы, «Самал» демалыс үйі, «Университет» спорттық-сауықтыру лагері (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) және «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы кірді.

Қазақстан тарапы бұл нысандарды заманауи 3-4 жұлдызды деңгейге дейін жаңартуға міндеттеме алды. Мәселен, ескі «Қазақстан» шипажайының орнына жаңа кешен салынып жатыр, оны 2026 жылдың соңына қарай пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар, аталған демалыс орындарындағы жұмысшылардың кемінде 80 пайызы Қырғызстан азаматтары болуы тиіс.

Айта кетерлігі, Дінмұхамед Қонаевтың бұрынғы дачасы (№1 нысан) тарихи мұра ретінде сақталып, үй-музейге айналдырылады. Бұл қадам Қазақстанға тиесілі мүлікті заңдық тұрғыдан ресімдеп, өңірдегі туристік инфрақұрылымды бірлесе дамытуға бағытталған шешім болып табылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0