Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 74 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 74 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткен жарыста қазақстандық спортшылар 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль иеленді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынға шықты. 30 алтын медаль жеңіп алған Қырғызстан екінші, 7 алтын жүлдесі бар Ресей үшінші орынға тұрақтады.
Қазақстандық спортшылар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаз және жүлдегер атанды.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0