«Қазақстанда тұңғыш рет»: Нұрлан имамға желіде уағыз айтуға ресми түрде рұқсат берілді
Танымал дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желілер мен интернет платформаларда діни уағыз жүргізуге мүмкіндік беретін ресми миссионерлік куәлік алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның айтуынша, мұндай куәлік өзіне және екі наиб-имам – Берік Арын мен Сұңғат Саметовке Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңының талаптарына сәйкес берілген.
«Қазақстанда тұңғыш рет! «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, дін тарату, насихат айту, яғни миссионерлік құқық беретін куәлік-құжат бірінші рет елімізде имамға, яғни маған және менің екі наиб-имамыма ресми түрде берілді», – деп жазды Нұрлан имам.
Нұрлан Байжігітұлы заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес миссионерлік қызметпен айналысу үшін арнайы рұқсат қажет екенін айтты. Осы талапқа сай өзіне және екі әріптесіне ресми куәлік табысталған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0