Қазақстандағы ең лас қала: Қарағандыдағы түтін мәселесі неліктен ушығып отыр?
«Қазгидромет» мамандарының зерттеуі бойынша, Қазақстандағы ең ауасы лас қала – Қарағанды, деп хабарлайды Sadaq.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, желсіз күндері ауадағы зиянды бөлшектердің концентрациясы рұқсат етілген деңгейден 24 есе асып кетуі мүмкін. Экологтар мұны сапасыз көмір мен бақылаусыз нарықпен байланыстырады.
Жеке сектор тұрғындары соңғы жылдары көмірдің сапасы айтарлықтай төмендегенін айтады.
Евгений Медведев, Қарағанды тұрғыны, экобелсенді:
“Үш жыл бұрын 110 шаршы метр үйді бір маусымда шамамен 5 тонна көмірмен жылытатынбыз. Ал өткен жылы 10 тонна кетті. Бұл көмірдің сапасы нашарлағанын көрсетеді.”
Тұрғындардың айтуынша, қазір қысқы маусымда үйді жылытуға шамамен 300 мың теңгеден астам шығын кетеді. Сонымен қатар сапасыз көмірден ауа ластануда.
Евгений Медведев:“Бұрын бір шелек күл шықса, қазір үш шелекке дейін жиналады. Көмірді кептіру, алдын ала сақтау сияқты әдістер нәтиже бермеді.”
Экологтардың пікірінше, жағдай жыл сайын ушығуы мүмкін. Көмір сатудың қазіргі жүйесі реттелмеген нарыққа ұқсайды.
Дмитрий Калмыков, Қарағандыдағы «Экомузейдің» даму жөніндегі директоры:“Көмір сапасына қатысты мемлекеттік бақылау жүйесі іс жүзінде жоғалған. Сатушылар ескі сертификаттардың көшірмесін көрсетеді, ал нақты тексерулер, зертханалық талдаулар жүргізілмейді.”
Мамандардың айтуынша, мәселенің жалғыз ұзақмерзімді шешімі — газификация. Бірақ газ құбырлары барлық тұрғындарға 2036 жылға дейін ғана жеткізіледі.
Адай Қуаныш, Қарағанды облысы энергетика және ТКШ басқармасы:
“Бір уақытта 2–3 іске қосу кешенін қатар жүргізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Соңғы жылдары көмір сапасын қабылдау кезінде бақылау күшейтілді.”
Алайда бұл бақылау тек мемлекеттік мекемелерге арналған көмірге қатысты. Ал халыққа сатылатын көмірдің сапасын ешкім тексермейді. Сонымен қатар газға қосылу құны 1,2 миллион теңгеден басталады, бұл көпшілік үшін қолжетімсіз.
Дереккөз: 31 арна, «Информбюро» бағдарламасы
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0