Қазақстандық блогер Трамптың ұлына қазақы шапан жауып, тымақ кигізді

Қыркүйек 7, 2026 - 10:57
chat_bubble  0 visibility  10
Қазақстандық блогер Трамптың ұлына қазақы шапан жауып, тымақ кигізді
Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым АҚШ Президенті Дональд Трамптың ұлы Дональд Трамп-кішімен кездесіп, оған қазақтың ұлттық киімдерін сыйға тартты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Блогер кездесу барысындағы сәттерді Instagram парақшасында жариялады. Оның сөзінше, олар табиғат аясында үш күн бірге уақыт өткізген.

Демалыс кезінде Дастан америкалық қонақты қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетімен таныстырған. Осы орайда ол Трампқа дәстүрлі шапан жауып, ұлттық бас киім — тымақ кигізген.

«Демалыс кезінде оған қазақы шапан сыйлап, дәстүрлі тымақты кигізудің сәті түсті!» — деп жазды блогер.

Осылайша Дастан шетелдік қонақты қазақ мәдениетімен таныстырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосқан.

Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сатпаев пен ByDastann халықаралық волонтёрлер жылының әлемдік амбассадорлары атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0