Қазақстандық журналист Baku Media Open-2026 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды

Шілде 23, 2026 - 13:40
app_badging Шілде 23, 2026 - 13:45
chat_bubble  0 visibility  8
Қазақстандық журналист Baku Media Open-2026 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды

Баку қаласында Әзербайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен халықаралық Baku Media Open-2026 турнирі өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Грузиядан 50-ге жуық танымал журналист қатысты.

Қазақстан атынан белгілі спорт журналисі, Beksports.kz порталының бас редакторы Бек Төлеуов, «Қазақстан тарихы» порталының жетекшісі Алтынбек Құмырзақ және тележурналист Қырмызы Жандос ел намысын қорғады.

Турнир қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық тележурналист Қырмызы Жандос қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, чемпион атанды. Ол турнир барысында алты кездесу өткізіп, барлығында айқын жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Қазақстандық журналистердің халықаралық додадағы табысты өнері еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби қызметпен қатар спортты серік етіп, салауатты өмір салтын насихаттауға қосып жүрген үлесінің жарқын көрінісі болды.

Қырмызы Жандос, турнир жеңімпазы:

-Бұл мен үшін ерекше әсерге толы жарыс болды. Халықаралық турнирде еліміздің намысын қорғап, Қазақстанның Әнұранын шырқату – үлкен мәртебе. Қарсыластардың барлығы тәжірибелі әрі мықты болды, сондықтан әр ойынға барынша жауапкершілікпен дайындалдым. Осындай деңгейдегі жарысты ұйымдастырған Әзербайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігіне алғысымды білдіремін. Бұл жеңіс – тек менің ғана емес, Қазақстан журналистерінің ортақ жетістігі деп білемін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0