Азаматтардың жеке деректерін сатқан 140-тан астам адам ұсталды

Маусым 9, 2025 - 11:42
 0  102
Азаматтардың жеке деректерін сатқан 140-тан астам адам ұсталды
Фото: Freepik

Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК-мен бірлесіп, интернетте қазақстандықтардың жеке мәліметтерін сатқан қылмыстық топты әшкереледі. Бұл деректер мемлекеттік базалардан заңсыз алынған және Telegram-арналар арқылы таратылған, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақпарат кейбір коллекторлық компанияларға да берілген.

«140-тан астам адам ұсталды. Олардың қатарында компания иелері мен Telegram-арнаның әкімшілері бар. Қазіргі уақытта бес күдікті қамауға алынды. Коллекторлық компанияларға жүргізілген тінту барысында 400-ден астам компьютер мен өзге де электрондық техника тәркіленді», — деді ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Қылмыстық істер жеке деректерге заңсыз қол жеткізу, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу, сондай-ақ электрондық ресурстарды заңсыз тарату фактілері бойынша қозғалды.

Полицейлер қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау үшін тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0