Қазақстанға келмей-ақ ЖСН алған: Астанада заңсыз схема әшкереленді

Маусым 12, 2026 - 09:45
chat_bubble  0 visibility  2
Қазақстанға келмей-ақ ЖСН алған: Астанада заңсыз схема әшкереленді
Фото: yandex.kz

ҚМА-ның Астана қаласы бойынша департаменті шетел етел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) заңсыз рәсімдеу схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетел азаматтарына ЖСН беру олардың Қазақстан аумағында жеке қатысуы және міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтуі арқылы ғана жүзеге асырылады. 

ҚМА-ның мәліметінше, алайда 2024-2025 жылдары өтініш берушілердің елге келуінсіз-ақ ЖСН рәсімдеуге заңсыз көмектесетін қылмыстық схема ұйымдастырылған.

"Схеманы жүзеге асыру үшін әлеуметтік желідегі арна пайдаланылып, сол арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетел азаматтары іздестіріліп, тартылған. Қылмыстық әрекетке "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген. Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0