«Қазақтардан бәріміз қорқамыз»: Ресей жұлдыздары қазақтың таланттарын мойындайтынын айтты

Ресейлік танымал «Музыкалити» бағдарламасында әнші Григорий Лепс пен Шарлот қазақтардың өнерін жоғары бағалап, олардың талантын мойындады. Бұл пікір бағдарлама эфирінде айтылып, кейін әлеуметтік желіде кеңінен таралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бағдарлама барысында Григорий Лепс пен Шарлот қазақ әншілерінің кәсібилігі мен ерекше дауыстарын атап өтіп, олардан қорқатынын әзіл-шыны аралас жеткізді. Сондай-ақ, танымал шоумен Максим Галкин:
«Қазақ әншісінің тегін көрсек болды, қазақтарды жақсы көреміз деп айтып шығамыз» – деп әзілдегенімен, қазақ мәдениетінің ерекшелігін мойындайтынын жеткізді.
Бұл пікірлер әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, қазақстандықтар өз өнерпаздарына мақтаныш білдіріп, Ресей жұлдыздарының сөздерін қолдады.
Кейбір пікірлерде: «Біздің мәдениетімізге құрметпен қарайтындарыңызға рахмет», «Қазақтың өнері әлемдік деңгейде мойындалуда» деген жылы лебіздер айтылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






