«Кештім... Алла үшін... Ұлым үшін»: Мөлдір Әуелбекова экс-күеуіне қатысты әсерлі жазба жариялады

Наурыз 11, 2026 - 05:18
 0  175
«Кештім... Алла үшін... Ұлым үшін»: Мөлдір Әуелбекова экс-күеуіне қатысты әсерлі жазба жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі ұлы Салтайдың әкесі өзіне хабарласып, өткен-кеткенге байланысты кешірім сұрағанын айтты. Оның сөзінше, ол баласына әке болып, қамқор болуға дайын екенін жеткізген.

«Махаббат... Бүгін Салтайдың әкесі хабарласты... Өткен-кеткенге кешірім сұрады... Балаға әке болып, қамқор боламын деді... Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтты... Кештім... Алла үшін... Ұлым үшін... 10 жылға созылған ренішім сейілгендей... Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім – сіздерге рақмет», – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0