«Кезек маған келген сияқты»: Ninety One тобының мүшесі болашақ келіншегін көрсетті

«Ninety One» тобының мүшесі, ACE лақап атымен танымал әнші Азамат Ашмақын болашақ келіншегі таныстырып, желіде бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлады sadaq.kz.
«Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді.
Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Жарық махаббатқа толы өмір кешіңіздер. Бақытты болыңыздар! Баршаңызға бақыт тілеп келдім, енді кезек маған келген сияқты.
Танысып қойыңыздар, Нүрилә», – деп жазды өнер иесі.
Ал әншінің жанкүйерлері екі жасқа бақыт тілеп, пікір қалдырған.
«Бүгінге дейін бізге бақыт тілеп келдіңіз, енді сол бақытқа өзіңіз жетіңіз», «Бақытты бол, ACE, сен оған лайықтысың», «Қалыңдық Әлемнің Вероникасына ұқсайды екен», деп жазып жатыр олар.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






