Қызылорда облысында мәйіт табылды

Маусым 6, 2026 - 10:25
chat_bubble  0 visibility  0
Қызылорда облысында мәйіт табылды
Фото: Pixabay

Қызылорда облыстық полиция департаменті Шиелі ауданында қыз баланың кісі қолынан қаза табу күдігі бойынша іске байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полицияға 3 маусым күні кешкі уақытта Шиелі ауданының ауыл тұрғыны каналдағы шлюз суынан қыз баланың мәйіті табылғанын хабарлаған. 

— Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу барды. Қыз баланың жеке басы анықталды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала анықталғандай, туыстарының айтуынша, қызы 2 маусым күні кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қазіргі уақытта қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеді. Тәртіп сақшылары мессенджер арқылы жаппай тараған кісі өлтіру жөніндегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

— Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Аталған қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында, — делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0