Қызылордадағы мұнай өңдеу зауыты өртке оранды

Қыркүйек 8, 2026 - 11:19
app_badging Қыркүйек 8, 2026 - 11:23
chat_bubble  0 visibility  11
Қызылордадағы мұнай өңдеу зауыты өртке оранды
Фото: Видеодан скрин

Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында 60 тонналық екі резервуар өртеніп кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қызылорда қаласының Шоқай көшесінде орналасқан шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттарының бірінің аумағында әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар өртенді. Оларда жалпы көлемі 120 тонна мұнай өнімі болған.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде резервуарлар ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің жанында орналасқан тағы үш резервуарға таралу қаупі туындады.

Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Көршілес резервуарларды қорғау үшін тасымалды лафеттік оқпандар беріліп, өрт көбікпен сөндірілді. Қосымша өрт сөндіру пойызы тартылды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында жалынның таралуына жол берілмей, жанындағы үш резервуар сақталып қалды. Өрт 200 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Зерттеу жүргізу үшін өрт сынақ зертханасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0